KAZENERGY-дің Энергетикалық Форумы – үміті мол жоба

Қазанда Астанада KAZENERGY-дің 6-шы Еуразиялық Энергетикалық Форумы өтеді. Бұл Қазақстанның энергетикалық секторындағы жыл сайынғы аса маңызды халықаралық оқиға. Әлемдік және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде осы сектордың маңызы артып келеді. Соған байланысты алдағы Форумда талқыланатын тақырыптардың мазмұны да жылдағыдан ауқымды болғалы тұр.

Мәселен, Форумда Еуразияның энергетикалық геосаясаты: қауіп-қатерлер мен жаңа көкжиектер; Энергетикалық кешеннің ұзақмерзімді дамуының орнықты моделі – энергиямен қамтамасыз етудің баламалы әлемдік жүйесі; Мұнай-газ саласы дамуының жаңа көкжиектері: жаңа технологияларды инвестициялау және инновациялау; Атом энергетикасының сабақтары және жаңартылатын энергия көздерін дамытудың жаңа мүмкіндіктері; Энерготиімділік және экологиялық қауіпсіздік; Қазақстанның идустриялық-инновациялық дамуы: жергілікті қамтуды дамыту сынды тақырыптар талқыланбақ.

 

Қарап отырсақ жаһандану заманында, әлемде энергия көздерінің тапшылығы айқын сезіліп жатқан уақытта, экономикалық мәселелермен қатар, экологиялық дүниелер де жетекші орынға шыққан кезде бұлардың қай-қайсысы да өзекті әрі маңызды. Әсіресе, осылардың ішінде былтыр Мексика бұғазында болған мұнай апаты мен биыл Жапония болған жер сілкінісінен Фукусимо АЭС-інде орын алған апаттан кейінгі оқиғалар төтенше маңызды. Осы тақырыптар төңірегінде қордаланып қалған мәселелерді тиімді шешпесе болашақта адамзат баласының экономикалық тұрғыдан да, экологиялық жағынан қандай орасан зор апатқа ұшырайтынын болжау қиын. Сондықтан да Қазақстанның энергетикалық секторындағы ондаған компанияларды біріктіретін KAZENERGY қауымдастығының өңірлік қана емес, әлемдік деңгейде аса өзекті мәселелерді талқылау үшін бұндай Форумға ұйытқы болғаны және оны орта жолдан үзібей жыл сайын өткізіп келе жатқаны Қазақстан үшін де, жалпы әлем үшін де аса қажетті және өте маңызды оқиға. Осы тұста атап өтерлігі, 6-шы Форум аясында денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау тақырыптарын қамтитын әлеуметтік жобалардың көрмесі өткізілмек. Шараның басты мақсаты – Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асырып жатқан мұнай-газ өнеркәсібі ірі компанияларының әлеуметтік жауапкершілігінің барлық бағыттарын тайға таңба басқандай етіп көрсету.

 

Сөз жоқ, бұған дейін өткізілген бес форум тиімділігін көрсетті. Оларда Еуразия кеңістігіндегі энергетикалық салада қордаланып қалған қадау-қадау проблемалар қаузалып, өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажетті ұтқыр идеялар мен ұтымды ұсыныстар айтылды. Сол форумдардың әрбірінде сарапшылар Орталық Азияның ғана емес, Еуразия кеңістігінің, одан қала берді жарты әлемнің энергетикалық тұрақтылығын сақтауда, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстанның маңызды ойыншыға айналып келе жатқанын бүкпесіз ашып айтып жатты. Жалпы осы тұста «дәстүрге айналған Энергетикалық Форум Қазақстанға не берді, Еуразия кеңістігінің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде шын мәнінде маңызды рөл атқара алды ма?» деген заңды сұрақ көсе көлденеңдейді. Бұл сауалға саланың «жілігін шағып, майын ішкен», ойы мен қырын, кемшілігі мен артықшылығын жақсы білетін сарапшылардың пікірлеріне жүгіне отырып жауап берген жөн сияқты.

 

Сарапшылар мұнай өндіру өнеркәсібін дамытуда 110 жылдам астам тарихы бар Қазақстанның Еуразиялық құрлықтағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде барынша үдеуші рөл ойнайтынын мойындайды. Бұл орайда бұған дейінгілері тәрізді KAZENERGY-дің 6-шы Еуразиялық Энергетикалық Форумы әлемдік мұнай-газ секторының дамуында маңызды рөл атқаратын ірі-ірі компаниялардың назарын өзіне аударуда. Атап өтерлігі, бүгінде көмірсутектерді өндірумен және экспорттаумен байланысты мәселелер тек маңызды ғана емес, «энергетикалық нарықта ірі ойыншы болып табыла ма, жоқ па», сонысына қарамастан көптеген мемлекеттердің сыртқы саясатын қалыптастыруда басыңқы факторға айналып отыр. Қазақстандық тарап мұнай мен газдың әлемдік нарығындағы ашықтық пен бәсекелестікті арттырудың өзекті мәселелері бойынша ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылауға қашандағыдай пейілділік танытуда.

 

Арғысына бармай-ақ былтырғы 5-ші Форумда көтерілген мәселелерге тоқталсақ, энергетикалық сектордың әлемдік экономикада маңызды рөл атқаратынын, сонымен қатар өзімен бірге зор қауіп-қатерлерді ілестіріп жүретінін байқаймыз. Айталық, былтырғы Форум әлемдік экономиканың үш жылға созылған жойқын дағдарыстан есін  енді-енді жия бастаған тұсында өткізілді. «Жығылғанға жұдырық» дегендей Мексика шығанағындағы орын алған жағдай әлемдік экологияға да, экономикаға да үлкен зиян келтірді және бұл өз кезегінде Каспий теңізін жағалай қонған мемлекеттерді және олармен іргелес жатқан елдерді экономикалық та, экологиялық та мәселелерге аса сақтықпен қарауға мәжбүрледі. Айтып келмейтін апаттардың алдын алу  үшін ымыраласып жұмыс істемесе болмайтыны аңғарылды. Мәселен, 5-ші Форумның ашылуы кезінде осы мәселеге қатысты мемлекетіміздің ұстанымын білдірген Премьер-министр Кәрім Мәсімов: «Біз өз жұмысымызды үш сала бойынша топтастыруымыз керек, яғни қауіпсіздік, қамтамасыз ету және тұрақтылық басты шарттар болуы тиіс. Әсіресе, Мексика шығанағындағы соңғы оқиға – әлемдегі теңдесі жоқ апат. Ол Қазақстан үшін аса маңызды, өйткені еліміз теңіз төсінде мұнай-газ кешендерін игеру мен зерттеуді одан әрі өрістетпек», - деп атап көрсеткен еді.

Жалпы, KAZENERGY-дің Энергетикалық Форумында сол кездегі, сол сәттегі энергетика секторындағы «он ойланып, тоғыз толғанып» шешетін кез-келген мәселе назардан тыс қалған емес. Мәселен, былтырғы форумда мамандар, сарапшылар көптеген компаниялардың көмірсутегі шикізатын тағылықпен игеріп жатқанын қатаң сынады. Форумға қатысқан ғалымдар жағдай осылай жалғаса берсе оның соңы жер қыртысының да, ауа райының да, табиғи құрылымдардың да бұзылуына соқтыратынын, ол жақсылыққа апармайтынын айтып  дабыл қақты. Айталық, Австрияның бұрынғы канцлері Альфред Гузенбауер экономикалық өсімге энергетикалық қорларды көп көлемде пайдаланбау арқылы қол жеткізу қажет деп санайды. Ал Польшаның бұрынғы президенті Александр Квасьневскийдің Форумға аса жоғары баға берді. Оның ойынша, Қазақстан – аумақта тұрақтылықты өзі де қалыптастырып, оны төңірегіне де таратып отырған мемлекет. Бұл әлемдік бизнестің осы маңға тоғысуына септігін тигізіп отыр.

Дегенмен, Форумға қатысқан мемлекеттік құрылымдар басшылары мен ғалымдардың дені әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мұнай-газ саласына жетекші рөл артылатынын айтады. Әсіресе, бұл ретте әлем назары көмірсутегі шикізатына бай Еуразия кеңістігіне, оның ішінде Орталық Азия өңіріне ерекше ауып отырғаны мәлім. Бұған әлемдік энерегия нарығында энергияны тұтыну шапшаң қарқынмен дамып келе жатқаны себеп болуда. Алдыңғы форумдарда келтірілген деректерге сүйенсек,  Қытай мен Үндістанда энергияға деген сұраныстың артуы себепті 2030 жылдың өзінде әлемдегі энергияның тұтынылу көлемі 50 пайыздан астамға өсетін көрінеді. Осыған байланысты Еуропа мейлінше транспорттық маршруттарды көбірек пайдалануға және энергоресурстарды жеткізушілердің мейлінше көбісімен ынтымақтасуға мүдделі. Сондықтан Еуроодақ энергия нарығында рөлі артып келе жатқан Орталық Азия өңірімен, соның ішінде Қазақстанмен әріптестікті тереңдетуге аса ықыласты. Бұл орайда кәрі құрлықтың сарапшылары Еуропа тұрақты энергетикалық саясатты әзірлеуге ұмтылуға тиістігін,  энергоресурстарға ұқыппен қарау керектігін айтуда. Сонда ғана қазып алынатын байлықтарға тәуелділік азаятын болады. Бұл энергияны тиімді пайдалана алғанда және бүкіл дүние жүзінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланғанда ғана мүмкін болмақ.

Жалпы сарапшылардың пікірінше, KAZENERGY-дің Энергетикалық Форумының шеңберінде көмірсутекті шикізатты өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы ынтымақтастықты тереңдету энергетикалық нарықтағы барлық ойыншыларға  тұрақсыздықпен байланысты тәуекелдерді төмендетуге және салаға керекті инвестициялардың қажетті көлемін қамтамасыз етуге көмегін тигізіп отыр. Бұл ретте бұған дейінгі форумдар аясында ұйымдастырылған қазақстандық мұнай көрмесі оларға тәжірибе алмасуда жәрдем еткен. Былайша айтқанда форумның мәртебесі жыл сайын көтеріліп келеді. Оған қатысушылар санының артқандығы ғана емес, талқыланатын тақырыптардың әралуандығы да дәлел бола алады. Тұтастай алғанда KAZENERGY-дің Еуразиялық Энергетикалық Форумы бүгінде мұнай-газ және энергетикалық саласындағы өзектң мәселелер талқыланып, нақты шешімдер қабылданатын  маңызды халықаралық оқиғаға айналды.

Алтыншы Форумнан да мол үміт бар.

 

 

Құттықтау хаттары

  • VI Еуразиялық KAZENERGY Форумының құрметті ұйымдастырушылары!

    Республика Үкіметі «Қазақстан: 20 жыл орнықты өсу, инвестициялар мен тұрақты ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» VI Еуразиялық Форумын Қазақстанның халықаралық энергетикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша жалпы саясатын іске асыру жолындағы маңызды қадам деп санап, оны өткізуді қоштайды.Біздің еліміз еуразиялық және ғаламшарлық энергетикалық нарықта барған сайын өсіп келе жатқан рөл атқарады.

    Мұндай мәртебе Қазақстанның мұнай-газ кешенніің позицияларын бүгінгі сан алуан әлемде ілгерілету үшін, оның өкілдерінің саяси белсенділігін тиісінше үдетуді қажет етеді.Сіздің Форум олар үшін мүмкіншіліктер жасайтын ғалами энергетикалық үдеріске қатысушылардың арасындағы кездесулер, пікірсайыстар, жанжақты сұхбат алдыға қойылған мақсаттарды шешудің тиімді құралы болып табылады.Бүгінгі Форум Қазақстан мен оның мұнай-газ саласы үшін айтулы жылы өткізілуде.

    Еліміздің тәуелсіздігіне, сондай-ақ жаңа Қазақстанда инвестициялық серіктестіктің символына айналған ең ірі мұнай кен орыны – Теңізді қазбалаудың басталғанына 20 жыл толады.Бұл келелі күндер мемлекеттің даму жолында қысқа мерзімнің ішінде қандай зор жолды жүріп өткенін, оған энергетикалық кешеннің, сіздердің Қауымдастықтарыңыздың құрамында біріккен кәсіпорындар мен ұйымдардың қандай үлес қосқанын еске салады.

    VI KAZENERGY Форумы елде осы жылдарда орын алған өзгерістерді ой елегінен өткізумен қатар, Қазақстанның Президенті мемлекеттің және саланың алдына қойған жаңа міндеттерді пысықтауға көмектесетініне сенімдімін.Индустриалдыө-инновациялық жаңарту, әлеуметтік прогрессті үдету, қоғамдық бастаманы жария қылу – бұлар Қазақстанның энергетикалық қоғамдастығы оларды дамытуға белсене ат салысып отырған ұлттық өсу нүктелері.Үкімет осы позицияны, сіздердің халықаралық белсенділіктеріңізді, оны іске асыру тәсілдерін қолдайды. VI KAZENERGY Форумын өткізуге ықпалдасу лсы қолдаудың бір бөлігіне айналмақ!

     

    Құрметпен, Карим Масимов

     

Жаңалықтар

26.10.2011
 

 

 Energy Intelligence №196, 5.10.2011, KAZAKHSTAN REVEALS 2020 VISION FOR 50% LEAP IN OIL EXPORTS 

06.10.2011

КАЗИНФОРМ - В рамках VI Евразийского форума KAZENERGY, который проходит в эти дни в столичном Дворце Независимости, старший вице-президент по вопросам климата компании «Статойл» Хеге Мари Норхейм выступила с докладом «Энергетические реалии и изменение климата: устойчивый путь вперед».

06.10.2011

АО "Разведка Добыча "КазМунайГаз" (РД КМГ, "дочка" нацкомпании "КазМунайГаз") сократит экспортные поставки нефти из-за незаконных акций протеста.
"По нашим подсчетам, РД КМГ не доберет более 1 млн тонн нефти. Конечно, "Разведка Добыча "КазМунайГаз" хотела бы сократить поставки на внутренний рынок, потому что цены на внутреннем рынке значительно ниже.

Құрылтайшы

Мемлекеттік қолдау

Бас демеушілер

Алтын Демеушi

  • prozrachnyi

Күмic Демеушi

Қола Демеушiлер

Тіркелген ұйымдастырушы

Ұйымдастырушылардың бірі

Бас ақпараттық серіктестер

  • prozra4nyi

Эксклюзивті медициналық серіктес

Ақпараттық серіктестер

 
Тіркелу Форумның ресми сайтына тіркеліп, KAZENERGY Еуразиялық форумның баяндамалары мен тұсаукесерлерін жазып алу мүмкіндігіне ие болыңыз



Парольді ұмыттыңыз ба?

Спикерлер

Урбан Руснак
Словакия Республикасының Елшісі, Сыртқы істер министрлігінде Словакия Республикасының сыртқы энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі жобаның басшысы

KAZENERGY VI Еуразиялық форум модераторы

Найл О'Райли
Әлемдегі жетекші көптілді теледидар арнасы "Euronews" Ағылшын бөлімшесінің басшысы

Видео



Get the Flash Player to see this player.

Валюталар бағамы

USD   147.72 KZT
EUR   187.46 KZT
RUB   4.71 KZT